"Қалаға келтірілген шығынның жалпы сомасы 112 млрд теңгені, кәсіпкерлік субъектілері – 67 млрд, оның ішінде шағын және орта бизнеске 42 млрд теңгені құрады. Ең көп зардап шеккен азық-түліктік емес дүкендер, келтірілген шығын көлемі 21 млрд теңгені құрады, қару-жарақ қоймаларына – 6,4 млрд теңге шығын келтірілді. Қаржы ұйымдары, банктер, банкоматтардың шығыны 700 млн теңгені құрады", – деді спикер.
Әкімшілік ғимараттарға 22,6 млрд теңгеге залар келтірілген.
"Алматы әкімдігі ғимаратына – 20 млрд теңге, Прокуратура ғимаратына – 2 млрд, Полиция департаменті мен бөлімшелеріне – 205 млн, экобекеттерге – 163 млн, медицина нысандарына – 2 млн теңге шығын келді", – дейді спикер.
Құралай Құдайберген