Алматы әкімдігі "Южный" саябағындағы жер учаскесі иесімен соттасып жатыр

1115

Әкімдік 2,8 гектар учаскені мәжбүрлі түрде тартып алмақ. Жер иесі өтемақы мөлшерімен келіспейді.

Алматы әкімдігі "Южный" саябағындағы жер учаскесі иесімен соттасып жатыр

Алматы әкімдігі "Южный" саябағындағы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берді, деп жазады inbusiness.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде хабарлаған.

"Әзірге жер иесі өтемақы мөлшерімен келіспей жатыр. Сол себепті де әкімдік жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою туралы экономикалық сотқа талап арыз берді. Оң шешім қабылданған жағдайда "Южный" саябағының аумағы 2,8 гектарға ұлғаятын болады", – деді Ерболат Досаев.

Бүгінде жер учаскесі "Jusan Property" ЖШС-не тиесілі. 2007 жылы қала әкімдігі учаскені жеке меншік иесіне ("Turkuaz Invest" ЖШС) сатқан. Қала тұрғындары саябақ аумағында кезекті тұрғын үй кешені пайда болады деп қауіптенген.

19 сәуірде қала әкімдігі учаскені алып қою туралы қаулы қабылдады.

Фото: Vlast.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу