Алматы әкімдігінің ғимараты 5 ай ішінде қалпына келтірілмек

1136

Тәртіпсіздіктер кезінде мегаполисте 291 нысан зақымданған.

Алматы әкімдігінің ғимараты 5 ай ішінде қалпына келтірілмек

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қиратылған ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мегаполисте 291 ғимаратқа залал келтірілді, оның ішінде 62 әкімшілік ғимарат бар.

"Қаңтардың 12-сі мен 16-сы аралығында өрттен зардап шеккен нысандар тазартылды. ҚазҚСҒЗИ "Қазақстан" телеарнасы, Бас прокуратураның ғимараты, Алматы қаласы полиция департаменті және аудандық ішкі істер департаменттері ғимараттарында техникалық зерттеуді аяқтады. Қалалық әкімдік ғимараты бойынша сараптама қорытындысы 28 қаңтарда шығады деп күтілуде", – деп жазылған хабарламада.

Кеңейтілген смета бойынша 10 нысанды қалпына келтіру жұмыстарына шамамен 28,6 млрд теңге жұмсалуы мүмкін.

"Әкімдік ғимаратын қалпына келтіруді аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 5 ай. Сондай-ақ, жеті нысанда, оның ішінде Бас прокуратура ғимаратында, сондай-ақ полиция департаментінің тоғыз ғимаратында ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу