Қаңтар оқиғасы кезінде әкімдік ғимаратына төрт күн бойы өрт қойылып, нысанға айтарлықтай зақым келді.
"Паркет, ағаш есіктер, терезелер отқа оранды. Қазір жанбайтын алюминий терезелер орнатылды, барлық қабатта жанбайтын плитка қойдық. Барлық материал отқа төзімді. Бүгінде өрт сөндіру жүйелерінің өзі өртті қысқа мерзімде, тіпті адамның қатысуынсыз да оқшаулауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі автоматты түрде жұмыс істейді", – деді спикер.
Нысанда барлық қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді. Оның екі есігі бар, дизель генераторы түріндегі балама қуат көзі де орнатылды.
Бұған қоса, тіпті күрделі жағдайдың өзінде бүкіл жүйенің автономды жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін үздіксіз жүйелер қойылды.