Алматы әкімдігінің қызметкері қызды ұрды деген күдікпен ұсталды

418

Ер адам 19 ақпан күні өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш берген. 

Алматы әкімдігінің қызметкері қызды ұрды деген күдікпен ұсталды Фото: freepik

Алматыда қызды ұрды деген күдікпен әкімдіктің жастар саясаты басқармасының қызметкері ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін желіде Алматы жастар саясаты басқармасының бас маманы қызды бірнеше рет ұрып-соғып, артына түскені туралы ақпарат тараған болатын. Бұл туралы жәбірленушінің өзі әлеуметтік желіде мәлімдеді. Оның айтуынша, оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үш жылдай жалғасқан.

Алматы әкімдігі 2022 жылғы қарашадан бері Ділмұрат Омаровтың Алматы жастар саясаты басқармасының бас маманы қызметін атқарғанын хабарлады.

"Осы оқиғадан кейін Омаров 2023 жылғы 19 ақпаннан бастап өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. Кадр қызметі өтінішті қабылдап, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес Ділмұрат Омаров қызметінен босатылды. Қазір бұл жанжалдың мән-жайын құқық қорғау органдары тексеріп, оған қатысушыларға қатысты құқықтық баға беру және тиісті ден қою шараларын қабылдап жатыр", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Алматы Полиция департаменті Медеу аудандық полиция бөлімі жарақат алу дерегі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындағанын хабарлады.

"Ер адам қамауға алынды. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сот отырысының материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деді полициядағылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу