Алматы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

610

Олардың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 819 млн. теңгені құрады.

Алматы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz Антикорға сілтеме жасап.

"Тергеу барысында коммуналдық меншікті (сот үкімі бойынша тәркіленген 3 коттедж және 2 пәтер) өткізу тәртібінің бұзылуы анықталып бағалау туралы жалған есептер негізінде тікелей үлестес жеке тұлғаларға төмен бағамен сатылғаны анықталды (объектілердің құны бірнеше есе төмендетілген).

Олардың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 819 млн. теңгені құрады (жылжымайтын мүлік объектілері құнының айырмасы). Тергеу барысында қабылданған шаралармен залал толығымен өтелді", - делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен үш күдікті адам үй қамағына алынды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу