Алматы әкімі әйелімен бірге референдумда дауыс берді

650

Сайлау учаскесіне таңғы сағат 07:00-де алғашқылардың бірі болып Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев әйелімен бірге келді, деп жазды inbusiness.kz.

Алматы әкімі әйелімен бірге референдумда дауыс берді

Олар Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде орналасқан №358 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Бүгін біздің мемлекетіміз үшін және оның азаматы ретінде мен үшін өте маңызды күн Бүгін еліміз өзінің болашағын айқындайды. Мен сайлау учаскесіне еліміздің болашағы, мемлекеттің бейбітшілігі мен гүлденуі, Алматы мен қала тұрғындарының бірлік-берекесі үшін дауыс беруге келдім", – деді Ерболат Досаев.

Алматыда таңғы сағат 7-де 574 сайлау учаскелері ашылды. 1 млн-нан астам қала тұрғындарының дауыс беру құқығы бар.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу