Алматы әкімі елшімен кездесті

1060

Алматы әкімі елшімен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы  Біріккен Араб ӘмірліктерініңТөтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Альжабермен кездесті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тараптар инвестициялық және туристік салалар бойынша ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту туралы мәселелерді талқылады.

Шаһар әкімі Алматы қаласы мен БАӘ арасындағы тауар айналымының 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында 33 млн АҚШ долларын құрағанын, оңтүстік астанада 22 біріккен және БАӘ-нің капиталымен жұмыс істейтін 60 кәсіпорынның тіркелгендігін тілге тиек етті.

Кездесу барысында елшісіне Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ пен "Инновациялық технологиялар паркінің"  әлеуеті таныстырылды.

Өз кезегінде Елші БАӘ компанияларының Алматыдағы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларға қатысуларына ықпал ететіндігін жеткізді.

"Біз Алматыда бизнес-ахуалды жақсарту және инвесторларды тартуда тұрақты жұмыстардың жүріп жатқандығын көрдік. Алматы өңірлік қаржы орталығы екен. Қала бұл жағынан Дубайға өте ұқсас. Бүгінгі күні өтіп жатқан Дүниежүзілік Универсиада Алматының туристік тартымдылығын одан әрі арттыра түсуде. Менің отандастарым да қызығушылық танытып отыр", – деп атап өтті Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Альжабер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу