"Сіз "халық үніне құлақ асатын мемлекет" жобасы аясында әлеуметтік желілерде жеке парақшалар ашуды жоспарлап отырсыз ба?", – деп сұрады аудан тұрғыны.
Бұған жауап ретінде берген әкім аталған тұжырымдама аясында Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерде ресми парақшалары бар екенін айтты.
"Біз Instagram-да да, Facebook-те де, барлық жерде бармыз. Сондықтан бұл әкім үшін қалыпты қарым-қатынас форматтары деп ойлаймын. Ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын. Бізде де Open Almaty сайты бар екенін білесіздер, бұл қоғамдық қабылдау. Күнделікті қала тұрғындарының барлық өтініштерін қарап, оқимын. Дүйсенбі күндері таңертең жедел уәкіл ретінде, тіпті, азаматтарымыздың өтініштеріне байланысты бөлек жұмыстар жүргіземін. Ал Алматы әкімдігі әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істейді", – деді қала басшысы.
Құралай Құдайберген