Алматыда 6 маусымнан бастап әл-Фараби даңғылындағы "Есентай" өзеніндегі көпірді кеңейту жұмыстары басталды, ол 1 қыркүйекке дейін аяқталады.
Алматы әкім Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде осылай деп уәде беріп, барша қала басшылығының атынан алматылықтардан кешірім сұрады.
"Бостандық ауданының жол инфрақұрылымын жақсарту үшін 23 көшеге, оның ішінде ұзындығы 27,5 км 2 магистральды көшеге орташа жөндеу жүргізу көзделген. Биыл маусым айынан бастап 2 магистральды көшеге - Әл-Фараби және Абай даңғылдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олар 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Бұған дейін жөндеу жұмыстары Әл-Фараби даңғылында 2010 жылы, Абай даңғылында 2012 жылы жүргізілген", – деді қала әкімі.
Бұған қоса, маусым айынан бастап аудандағы 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды: Вахтангов көшесі Жандосов көшесінен Лебедев көшесіне дейін, Вахтангов көшесі Жандосов көшесінен Лебедев көшесіне дейін және Тұрғыт Өзал көшесі Қ.Сәтбаев көшесінен Н.Тілендиев көшесіне дейін. Қалған 18 көшеде жұмыс 15 шілдеден басталады. Барлық жұмыс қазан айына дейін аяқталады.