Алматы әкімі кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік жасауды ұсынды

185

Алматы мәслихаты жеңілдігі бар тәртіппен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесін 3%-ға дейін түсіруі мүмкін.  

Алматы әкімі кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік жасауды ұсынды Фото: naryk.kz

Әкім Дархан Сатыбалды өткізген жиналыста осы мәселені қалалық кеңес қарауына шығару туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін жаңа салық кодексінде жеңілдігі бар тәртіппен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесі 4% деп көрсетілген. Алайда жергілікті мәслихаттар оны 2%-ға дейін төмендете алады.

"Алматы әкімдігі бизнеске қосымша қолдау көрсетуді ұсынып отыр", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл шара шағын және орта бизнес үшін салықтық тұрақтылықты сақтауға, инфляциялық тәуекелдерді азайтуға және B2C сегментін – яғни үй жанындағы дүкендер, шаштараздар, шеберханалар мен тұрмыстық қызмет көрсету орындарын қолдауға мүмкіндік береді.

Әкімдік осы бастама кәсіпкерлердің сенімін арттырып, инвестициялық ахуалды сақтауға және Алматыдағы іскерлік белсенділікті ынталандыруға ықпал етеді деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу