Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

299

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Құрылтай сайлауында дауыс берді. Қала басшысы №159 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде таңдау жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді Фото: Алматы әкімдігі

Дархан Сатыбалды Instagram парақшасында еліміздің саяси тарихында мүлде жаңа кезең басталғанын атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үндеуінде атап өткендей, болашағымыз әрқайсымыздың саналы таңдауымызға байланысты. Қазақстанның жарқын келешегі әр азаматтың жауапкершілігі мен адалдығынан басталады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу