Алматы әкімі лай көшкініне байланысты көшпелі кеңес өткізді

700

Үйінді астында қалғандарды іздеу жұмысы әлі жалғасып жатыр.

Алматы әкімі лай көшкініне байланысты көшпелі кеңес өткізді Фото: gov.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев топырақтың лайлануы сапдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкіні болған жерге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сол жерде қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап,  шұғыл көшпелі кеңес өткізді. 

"Басты басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет", - деді Ерболат Досаев.

Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.

"Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды", - делінген хабарламада.

Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл жерде жедел медициналық көмек бригадалары бар. 

"Ақпарат толықтырылады. Тек ресми деректерге сенуге шақырамыз", - деп ескертті әкімдік өкілдері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу