Алматы әкімі Президент сайлауына жұбайымен бірге келді

891

Ерболат Досаев алғашқылардың бірі болып таңғы сағат 7-де дауыс берді.

Алматы әкімі Президент сайлауына жұбайымен бірге келді

М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде орналасқан №358 сайлау учаскесіне Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге келді.

"Бүгінде Қазақстан азаматтары өздерінің конституциялық құқығын іске асырып, алдағы 7 жылда еліміздің дамуына үлес қосады. Әр қазақстандықтың дауысы маңызды, бүгін мен қаламыздың, тұрғындарымыздың, отбасымның және балаларымның жарқын болашағы үшін елдің азаматы, Алматы тұрғыны ретінде дауыс беруге келдім. Алматылықтар өздерінің бірлігін көрсетіп, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін", - деді Ерболат Досаев.

Алматыда сайлау күні 600 сайлау учаскесі жұмыс істейді, тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар 55 учаскеде дауыс бере алады. Қалада шамамен 1,2 миллион адам дауыс беруге құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу