Алматы әкімі сауданың үлесін азайтып, орнына туризмді дамытпақ

843

Алматы әкімі сауданың үлесін азайтып, орнына туризмді дамытпақ

"Көк Жайлау" курорты – қала экономикасындағы туризмнің үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін экологиялық жағынан таза жоба. Бұл туралы бүгін қала басшысы Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкім "Көк Жайлау" жобасы бұдан бес жыл бұрын әзірленгенін атап өтті. Жобаны дайындауға заманауи технологияларды қолдана отырып, құрылысты қалай салу керектігін білетін шетелдік консультанттар шақырылған. Алайда жұртшылық тарапынан сын көбейе берген соң, 2015 жылы жоба уақытша тоқтатылған. 

"Бізге "курорт – бұл зиян" деген пікірді таңғысы келеді. Тағы бір мәрте айтқым келеді, бұл химия зауыты емес. Францияда 200 тау шаңғысы курорты бар, бірақ ол экологиясы керемет үздік елдердің қатарына кіреді. Австрияда да курорттар бар, олардан қыруар ақша түсіп отыр. Тау туризмі жағажайға қарағанда жеті есе көп табыс әкелетіні дәлелденген", — деді Байбек ОКҚ-де өткен брифингте. 

Әкім Алматы экономикасындағы сауданың үлесін 5 пайызға азайтып, оның орнын туризммен толтырғысы келетінін атап өтті.

"Әлемде ең қарқынды өсетін сала – тек туризм. Біздің экономикада 30% сауданың үлесі. Біз бұл үлесті 5%-ке азайтып, оның орнын туризммен жапқымыз келеді. Кейбір бағалаулар бойынша, әр турист тәулігіне 50 доллардан 49 долларға дейін жұмсайды екен. Ал шаңғымен сырғанайтын туристер одан да көп ақша жұмсайды", — деді қала басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу