Алматы әкімі Ташкенттің туризмді дамыту тәжірибесіне қызығушылық білдірді

963

Алматы әкімі Ташкенттің туризмді дамыту тәжірибесіне қызығушылық білдірді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ташкент қаласының хәкімі Рахмонбек Усмановпен кездесті. Тараптар сауда- экономикалық және мәдени – гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мегаполис әкімі биылғы жылдың 10 айы ішінде Алматы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымының өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 62%-ға артып, 200 млн. АҚШ долларын құрағанын, қалада 129 бірлескен және 236 өзбек кәсіпорындарының жұмыс жасайтындығын жеткізді.

"Алматы – бизнес пен жеке капитал қаласы, мұнда банктердің бас офистерінің 90% -дан астамы орналасқан. Сервис пен сауда ЖӨӨ-нің 86%-ын құрайды, биыл ШОБ-ті несиелеу 36%-ға өсті.Инвесторларды қолдаудың кешенді шаралары жүзеге асуда. Туристік кластерді дамытуға айрықша назар аударылуда, осы ретте Ташкенттің, жалпы Өзбекстанның тәжірибесі біз үшін пайдалы", - деді Б.Байбек.

Өз кезегінде Р.Усманов Алматының қолжетімді баспана салуда қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

"Қазақстанда қолға алынған "Қолжетімді баспана – 2020" өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл мәселе Ташкентте барынша акутальді, біз сөз жоқ, бірқатар механизмдерді өзімізге енгізетін боламыз", - деді ол.

Атап өтерлік жайт, осыдан бір ай бұрын Алматы әкімі Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Икром Назаровпен кездесу барысында өзбекстандық спортшыларды 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қатысуға шақырған болатын. Осы жақын күндері көрші республика спортшылары Ойындарға қатысатындықтарын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу