Алматы әкімі Универсиада нысандарының дайындығын тексерді

1029

Алматы әкімі Универсиада нысандарының дайындығын тексерді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017 жылғы Дүниежүзілік Универсиада қарсаңында Атлеттер ауылының, "Алматы Арена" мен "Халык Аренаның", Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының, "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплині кешенінің, "Медеу" мұз айдынының, "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының дайындығын тексерді.

Атлеттер ауылында қала әкімі Алатау ауданындағы алғашқы фитнес-орталықтың, "MARWIN" отбасылық дүкендер желісінің жұмысымен танысты, сонымен қатар жақында ашылған супермаркетке қойылған тауарларды көрді. Бауыржан Байбек отандық өнімдер, сувенир бұйымдары, киім мен спорт тауарлары және басқалары қойылған жаңа дүкенде сауда жасады.

Алматы әкімінің кезекті жұмыс барысы сапарында "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплині кешенінде орналасқан Универсиаданың басты операциялық және ақпарат орталығының дайындығы да көрсетілді. Бауыржан Байбек қала тұрғындарының қауіпсіздігін, жайлы өмірін қамтамасыз ету мен басқа да кешенді мәселелерді шешу ісі одан әрі жалғасатынын, ал бұл Алматыға деген туристік қызығушылықты арттыратындығын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу