Мұғалімдер күні қарсаңында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың үздік ұстаздармен кездесті. Салтанатты шараға 40-тан астам білім беру саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап білім беруді дамыту - мемлекеттік саясаттың өзгеріссіз басымдығы болып табылады. Қазақстан Президенті Н.А. Назарбаев бастамасы бойынша өткізілетін реформаларды жүзеге асыруда Қазақстандық мұғалімдердің қосқан үлесі ұшан теңіз. Биылғы жылы Қазақстан жаңа тарихи кезеңге өтті. Елбасы өзінің "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында атап өткендей, ертеңгі күннің ерекшелігіне ұлт жетістігінің басты факторы - тек адамның бәсекеге қабілеттілігі. Ұстаздар қауымы, сіздерге, біздің балаларымыз бен жастарымыз үшін алда осы қасиеттер жиынтығын дарыту тұр. Өзекті міндеттерді ескере отырып, биылғы жылы біз қала мектептерін қазіргі заманғы физика, химия, биология, лингафонды-мультимедиялық кабинеттерімен, интерактивті тақталармен 100% жабдықтадық. Соңғы 5 жылда 15 мың орынды 13 мектеп ашылды. Біз Алматыдағы ең дарынды мұғалімдердің жұмыс істейтіндігімен мақтан тұтамыз. республикалық олимпиадаларда және ғылыми жарыстарда бірнеше рет бірінші орынға ие. Сіздердің оқушыларыңыз бірнеше рет халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда бірінші орындарға ие болып келеді. Жоғары нәтижелерін ҰБТ–да көрсетеді. Бүгінгі күні қаланың білім беру жүйесін дамытуға лайықты үлес қосып келе жатқандарыңызға, сіздердің қиын, өте жауапты жұмыстарыңыз үшін алғыс айтқым келеді", - деді Бауыржан Байбек.