Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде шерушілердің қолынан зардап шеккендер жатқан қаланың клиникалық ауруханаларының бірінде болды, деп жазды inbusiness.kz.
Қала әкімі зардап шеккендерге қызметтік міндеттерін орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін алғыс айтты.
"Барлығына қолдау шаралары көрсетіледі", – деді әкім.
Сонымен қатар шаһар басшысы алматылықтардың атынан сол күндері өз денсаулықтары мен өміріне қарамастан ортақ мүддені сақтап қалып, қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз еткендердің барлығына алғыс білдірді.
"Бүгінде Алматы қирағаннан кейін қалпына келтіріле бастады. Біртіндеп тіршілік үйреншікті арнаға қайта оралуда", – деп атап өтті спикер.