Алматы әкімі жол көлік оқиғасында қайтыс болған полицейлердің отбасыларына көңіл айтты

695

Қос тәртіп сақшысының артында балалары қалды. 

Алматы әкімі жол көлік оқиғасында қайтыс болған полицейлердің отбасыларына көңіл айтты

Бақытжан Сағынтаев Алматының  №4 бақылау-өткізу бекетіндегі жол көлік оқиғасында көз жұмған қос полицейдің отбасыларына көңіл айтты.

"Блок-бекетте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың жол апаты оқиғасынан қаза болуына байланысты отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды Алматы әкімі Twitter желісіндегі парақшасында.

Оқиға орнында қайтыс болған Жарас Жанғазиев  1978 жылы Батыс Қазақстан облысында туған.  Құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бастап қызмет еткен. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отырған. Ал ауруханада көз жұмған полиция сержанты Дастан Әбдіқанов 1994 жылы Алматы қаласында туған.  Ол құқық қорғау органдарында 2016 жылдан бері қызмет еткен.  Үйленген, артында қырқынан шықпаған қызы қалды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу