Алматы әкімідігі таудағы жерлерді заңсыз берген - Сенат депутаты

402

Алматы әкімдігі жер телімдеріне қатысты 750-ден астам заңбұзушылыққа жол берген. 

Алматы әкімідігі таудағы жерлерді заңсыз берген - Сенат депутаты Фото: google

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті арнайы тексерістен кейін осындай ұйғарымға келді. 

Бұл туралы сенатор Андрей Лукин мәлімдеді. Оның сөзінше, тізімде "Медеу" мемлекеттік табиғи паркі аумағынан жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 4,8 гектар жерді заңсыз беру фактісі де бар.  Қазір осы секілді әкімдік шығарған 156 шешімнің күшін жою үшін іс сотқа жіберілген. 

Андрей Лукин Үкіметке Алматы қаласының таулы және Алматы облысының қалаға жақын аудандарындағы жерлердің кімге тиесілі екенін қайта түгендеуді ұсынды. Тиісті құжаттар қабылданғанша, жер телімін бөлуге мораторий жариялау қажет,- дейді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу