Алматы әкімін самокат теуіп келе жатқан қала тұрғыны қағып кете жаздаған

534

Бұл туралы Ерболат Досаев Алмалы ауданында тұрғындармен кездесуде айтты.

Алматы әкімін самокат теуіп келе жатқан қала тұрғыны қағып кете жаздаған

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуі басырында оған самокаттар туралы сауал қойылды.

Айта кететіні, Алматыда көліктің бұл түрінің қатысуымен болатын жол көлік оқиғалары жиілеп кетті. Себебі техниканы көбіне кәмелеттік жасқа толмағандар пайдаланады.

Бұл ретте Досаев қазір Қазақстанның Ішкі істер министрлігі самокаттар мен мопедтерге қатысты жол қозғалысын реттеу туралы заң жобасын әзірлеп жатқанын айтты.

"Бұл мәселені шешу үшін заңнамалық база қажет. Сондай-ақ құқықтар бойынша ұсыныс бар", – деді әкім.

Кейін әкім самокатқа қатысты келеңсіз жағдайға тап болғанын атап өтті.

"Қаланы аралап келе жатқанмын, сол сәтте мені самокат теуіп жүргендер қағып кете жаздады. Дереу орынбасарыма телефон соқтым. Егер олар әкімге жетсе, онда қала тұрғындары туралы не айтамыз? Сондықтан өзіміздің құқықтық актілерді қабылдайтын мүмкіндік туса, бұл мәселені реттейтін боламыз. Олай болмаса, онда Ішкі істер министрлігінен заң жобасын күтеміз", – деп қосты Алматы әкімі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу