Алматы әкімінің экс-орынбасары мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауда болған

247

Бұрынғы шенеунік 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. 

Алматы әкімінің экс-орынбасары мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауда болған Фото: ult.kz

Елордада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров ұсталған. Бұл ақпаратты Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"29 қаңтар күні сағат 03:15 шамасында Астана қаласының Төлебаев көшесінде полиция қызметкерлері "Toyota Land Cruiser Prado" автокөлігін тоқтатты. Медициналық тексеріс нәтижесінде жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Соттың шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бүгін жүргізуші тағайындалған жазасын толық өтеп, босатылды", - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі редакция тілшісінің сауалына.

Айта кету керек, Ержан Бабақұмаров әр жылдары Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу