Air Astana әуе компаниясының Алматыдан Ақтауға ұшқан ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға 31 тамыз күні болған.
Компанияның ресми ақпаратына сәйкес, Алматы–Ақтау бағытындағы КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға жақындаған кезде техникалық ақау туралы хабар берді.
– Нұсқаулыққа сәйкес бірінші болып қонуға рұқсат сұрады. Кейін ол Ақтау әуежайына аман-есен қонды, – деп хабарлады Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда ұшақта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ рейстің жолаушылары басқа әуе кемесіне ауыстырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу