Алматы-Ақтау ұшағынан ақау шықты

700

Алматы-Ақтау ұшағынан ақау шықты

Алматы-Ақтау ұшағынан ақау шықты. Осыған байланысты Airbus А320neo лайнері айлаққа қайта қонуға мәжбүр болды. Кейін белгілі болғандай, ақау қозғалтқыштағы май деңгейі индикациясынан туындаған. Енді ұшақ техникалық тексерістен өтеді, деп хабарлайды "Эйр Астананың" баспасөз қызметі.

Естеріңізге салайық, бұл – осы әуе компаниясында туындаған алғашқы жағдай емес. Соңғы 2 айда ақау шыққан ұшақтардың саны осымен алтыға жетті. Енді инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, мән-жайды анықтайды.

"Ұшақ Алматы әуежайына сәтті қонды. Бүгінгі таңда "Эйр Астана" компаниясы ұшақты толық тексерістен өткізіп жатыр. Борттағы жолаушылар тегіс аман. Олар басқа бортқа ауыстырылды. Біздің компания үшін қауіпсіздік бірінші орында. Қолайсыз жағдай үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз", – дйді Air Astana корпоративтік коммуникациялар менеджері Тілек Әбдірахымов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу