Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

93

Тиісті өкімге қала әкімі Дархан Сатыбалды қол қойды.

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды Фото: Алматы әкімдігі

Алмасхан Сматлаев Алматы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кадрлық шешім Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген.

– Жаңа қызметінде Алмасхан Сматлаев көріктендіру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және жол мәселелеріне жетекшілік етеді, – делінген хабарламада.

Алмасхан Сматлаев Ресей Федерациясындағы Қаржы университетін "экономика" және "мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандықтары бойынша, сондай-ақ, АҚШ-тағы Блумсберг университетін "халықаралық экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарда бастап, кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істеді.

2014-2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, облыс әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары сияқты әртүрлі лауазымда қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу