Алматы алдағы жылу беру маусымына 70 пайыз дайын

1388

Бүгін Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен жиында қаланың жылу маусымына дайындығы пысықталды.

Алматы алдағы жылу беру маусымына 70 пайыз дайын

Қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй нысандарының жылыту маусымына дайындығы 78%-ды құрайтынын атап өтті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 10 % жоғары.

Ал, ауруханалар мен өзге де медициналық мекемелердің қысқа дайындығы 82%-ды құрайды.

Сондай-ақ, мектептер, балабақшалар мен басқа да білім беру нысандары алдағы жылу беру маусымына 88% дайын. Ал көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығы бар болғаны 63% .

Мұндай цифрларды естіген қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық аудан әкімдері мен басқармалар басшыларына тұрғын үй қорын қысқы маусымға дайындау жөнінде ПИК-тердің жұмыстарын қатаң бақылауға алуды, апатты және келеңсіз жайттарды болдырмауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу