Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ойын батуттары өртенген.
Өрт сөндірушілер жеткенше келушілер мен қызметкерлер ғимараттан шығып үлгерген.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары өртті сөндіру барысында 2013, 2016, 2019 және 2012 жылы туған 4 баланы құтқарды.
Өрт сөндірушілер өрттің іргелес орын-жайларға таралуына жол берген жоқ.
Өрт 15:52-де сөндірілді. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу