Алматы арықтарын арнайы робот зерттейді

523

Қала әкімдігінің хабарлауынша, аппаратты жергілікті мамандар құрастырған, деп жазды inbusiness.kz.   

Алматы арықтарын арнайы робот зерттейді

Дөңгелекті шасси мен шағын өлшемінің арқасында робот жету қиын жерлерден емін-еркін өтіп, суретті нақты уақытта арнайы мониторға жібереді.  

Құрылғының көмегімен арықтың лай мен қоқысқа толу деңгейін бағалауға болады, сонымен қатар құбыр ақауларын, соның ішінде коррозия, жарықтар және т.б. анықтауға болады. 

Алматы әкімдігі қазіргі уақытта канал желілерін қалпына келтіру және оларды кәріздерге арналған коллекторларға қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бұл ретте арықтардың өткізу қабілеті қалпына келтірілуде. Арық желілерін қайта құру және жөндеуге қажетті жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Кейбір аумақтарда арықтарды кеңейту жоспарлануда.

"Осы желілерді салу мүмкіндігі жоқ қаланың тығыз дамуын ескере отырып, су басу жағдайларын азайту үшін су ағындарын бөлу туралы шешімдер қабылданады. Биылғы жылдың соңына дейін коллекторлық жүйені қалпына келтіру және оларға арықтарды қосуды ескере отырып, 56 учаскеде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда", – деп хабарлады әкімдік. 

Нөсер жауғанда Алматыны әр ауданын су басудың басты себебі арық желісінің суды ағызу үшін жарамсыздығы және коллекторлық,дренаждық желілердің жұмыс істемеуі. Қолданыстағы коллекторлар ұзақ жылдар бойы тиісті күтімсіз қалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу