Алматы аспанын қалың қара бұлт торлады

113

Қалың бұлт жолағы жылдам қозғалып, қысқа уақыт ішінде қала аспанын толықтай жауып тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы аспанын қалың қара бұлт торлады Фото: Бейнежазбадан

21 ақпанға қараған түні Алматы тұрғындары ерекше атмосфералық көрініске куә болды. 

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың мәліметінше, бұл – қуатты будақ жаңбырлы-найзағайлы бұлттардың түзілу процесі.

– Таңғы уақытта қала үстінен қабырға тәрізді қалың бұлт жолағы өтті. Ол жоғары жылдамдықпен жылжыды. Мұндай құбылыс белсенді атмосфералық процестер кезінде байқалады. Суық ауа массасы төмен түсіп, жерге жақын орналасқан жылы қабатпен түйіскен кезде осындай бұлттар қалыптасады, – деп түсіндірді маман.

Синоптиктердің айтуынша, сырт көзге тосын әрі алаңдататын болып көрінгенімен, бұл жағдай табиғи атмосфералық үдерістердің қалыпты көрінісі болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу