Алматылық фотограф Дмитрий Доценко 13 қазан кешінде ауа райы қолайлы болып, кометаны түсіріп алуға мүмкіндік алғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Маған бірнеше фото түсіріп, тіпті осындай таймлапс жасау да бұйырды. Бұл комета 2023 жылдың қаңтар айында Қытайдың Цзыцзиньшань обсерваториясында ашылған еді. Енді бір жарым жылдан кейін ол Жерге жақындап, түнгі аспанда көрінетіндей болды", – деп жазды фотограф.
Дмитрий Доценко кометаларды бақылау өте қызық екенін айтты.
"Елестетіп көріңізші, алып мұзды дене ғарышта сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүйткіп барады. Күннің ыстығынан ол еріп, ұзын әдемі құйрық шығарады. Біз оны өз ғаламшарымыздан тамашалай аламыз! Бұл комета Жер үшін еш қауіпті емес. Өйткені ол Айдан 200 есе қашықтықта ұшып өтеді. Сондықтан ғарыштағы бұл көріністі қауіпсіз түрде бақылай аласыз. Оны Күн батқаннан кейін батыс көкжиектен көруге болады. Қала жарықтары кедергі келтірсе, кометаны бинокльмен іздеген жөн. Ал қаладан алыста, қараңғы аспанда, оны көзбен де көруге болады. Мұндай жарқын кометалар сирек кездеседі, сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!" – деді фотограф.