Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматы-Астана-Қазан бағытындағы жолаушылар пойызы жүре бастады, деп хабарлайды 24.kz.
Жаңа теміржол байланысы Қазақстан мен Татарстан арасындағы рухани, мәдени, экономикалық байланыстардың артуына ықпал етпек. Жаңа теміржол қатынасының ашылғанына еліміздегі татар-башқұрт диаспорасының өкілдері дән риза. Бұрын олар өздерінің тарихи отанына тек әуе жолдары немесе екінші пойызға ауысып міну арқылы қатынайтын.
"Ол өте ыңғайсыз, әрі тиімсіз еді", – дейді жолаушылар. Енді ол қиындық артта қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу