Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақнұр Досмағамбетова Астана-Алматы бағытында KC852 рейсімен келген 7 миллионыншы жолаушы атанды. Әуежай өкілдері оны VIP аймағында қарсы алып Анталияға екі адамға арнаған сертификат табыс етті.
"Биыл біз үшін рекордтық жыл болды. Алматы әуе айлағының өткізу қабілетін 14 миллион жолаушыға дейін арттыру үшін біз 2024 жылдың жазында пайдалануға берілетін жаңа халықаралық жолаушылар терминалын салуға кірістік",- делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу