Алматы әуежайы анықтама қызметінің қысқа нөмірі өзгерді

1046

Алматы әуежайы анықтама қызметінің қысқа нөмірі өзгерді

Алматы Халықаралық әуежайы анықтама қызметінің қысқа нөмірі ауысты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"  ХАА.

"ҚР Инвестициялар және даму министрлігі байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің 2016 жылғы 15 маусымдағы №106 "Алматы қаласы желілеріне анықтама-ақпараттық қызмет үшін берілген "1UV" нөмірлеу ресурсын қайтарып, "1UV(X1(X2)) нөміріне ауыстыру" бұйрығы негізінде 2017 жылдың 5 қаңтарынан бастап, "155" (әуежай анықтама қызметі) қысқа нөмірі "1550" нөміріне ауысты" делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жақында Алматы әуежайына қала әкімі Бауыржан Байбек барған болатын. Ол әуежайдың Универсиадаға дайындығын тексерді. Шаһар басшысы бірқатар олқылықтарды жоюға тапсырма берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу