Алматы халықаралық әуежайы өте төмен температураға байланысты кейбір жерде қызмет көрсету жабдықтарында уақытша ақаулар туындап, бұл аэродромда белгілі бір қызметтерді уақытылы орындалуына әсер еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Біздің техникалық мамандар тобы аталған мәселені жылдам шешу үшін жұмыс істеп жатыр. Біз сондай-ақ қызмет көрсету немесе рейстегі техникалық қызметте болуы мүмкін кідірістерді азайту үшін әуе компанияларымен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген әуежай таратқан мәліметте.
Сондай-ақ Алматы әуежайы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, тәулік бойы қызмет көрсетуді жалғастыратындарын жеткізді.