Алматы әуежайы қолайсыздықтар туралы ескертті

163

Халықаралық әуежай аумағында автотұрақ орындарын көбейту мақсатында жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты автотұрақтар кезең-кезеңімен жабылады. 

Алматы әуежайы қолайсыздықтар туралы ескертті Фото: Руслан Пряников

17 маусымда Алматы әуежайы жолаушыларды жөнелтуге және қарсы алуға ескерту жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жолаушыларға Оңтүстік автотұрақты (кіру Ахметов көшесінен) пайдалануды ұсынамыз. Сондай-ақ әуежайға келуіңізді алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Аталмыш жұмыстарды 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау көзделеді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп жазылған ресми ақпаратта.

13 маусымнан бастап барлық халықаралық рейстер 1 маусымда ашылған жаңа Алматы терминалына келе бастады. Жаңа әуежай терминалының құрылысы 2021 жылдың мамыр айында басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу