Алматы әуежайы автотұрақ тарифін көтерді

1422

1 сағат 500 теңге.

Алматы әуежайы автотұрақ тарифін көтерді Фото: Inbusiness.kz

Алматы халықаралық әуежайы 2024 жылғы "01" ақпаннан бастап әуежай аумағындағы алаңда және жабық тұрақ кешенінде көлік құралдарының тұрағы үшін тариф өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Вокзал маңы алаңының аумағы және жабық тұрақ кешені:

15 (он бес) минутқа дейін - тәулігіне екі реттен артық төлемсіз;

15 (он бес) минуттан 1 (бір) сағатқа дейін - 500 (бес жүз) теңге;

1 (бір) сағаттан 2 (екі) сағатқа дейін - 700 (жеті жүз) теңге;

2 (екі) сағаттан 4 (төрт) сағатқа дейін - 1000 (мың) теңге;

4 (төрт) сағаттан 6 (алты) сағатқа дейін - 1500 (мың бес жүз) теңге;

6 (алты) сағаттан 12 (он екі) сағатқа дейін - 2400 (екі мың төрт жүз) теңге;

12 (он екі) сағаттан 24 (жиырма төрт) сағатқа дейін - 3500 (үш мың бес жүз) теңге

24 (жиырма төрт) сағаттан жоғары, одан кейінгі толық және жарты тәулік үшін - 5000 (бес мың) теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу