Алматы әуежайы түрік инвесторларына 415 миллион долларға сатылды

1435

Акцияларды табыстау барлық заңды рәсімдер аяқталғаннан кейін жүзеге асады.

Алматы әуежайы түрік инвесторларына 415 миллион долларға сатылды Фото: Максим Морозов

TAV Airport компаниясы VPE Capital консорциумындағы серіктесімен бірге Алматы әуежайының 100% үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойды. Келісімде әуежайды 415 миллион долларға сатып алу қарастырылған. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, "Интерфакс" хабарлады.

Таратылған ақпаратта TAV Airports үлесі 75%-дан кем болмайтыны әрі акцияларды табыстау барлық заңды рәсімдер аяқталғаннан кейін жүзеге асатыны айтылған.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Алматы әуежайы – түрік холдингінің портфеліндегі 15 әуежай.

"Портфелімізге Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік торап – Алматы әуежайы қосылғанына қуаныштымыз. Алматы Қытайдан Еуропа мен Африкаға әуе арқылы салынған "заманауи Жібек жолында" орналасқан. Қазақстан – географиялық жағынан да, экономикалық тұрғысынан да аймақтағы ең үлкен ел болса, Алматы – Қазақстанның ЖІӨ-нің 20%-ын бақылайтын елдегі ең ірі қала. Алматы әуежайы өсу үшін айтарлықтай әлеуетке ие деп есептейміз және біздің ауқымды ноу-хауымыз негізінде осы мүмкіндікті барынша іске асыру үшін жұмыс жасаймыз", – дейді TAV Airports холдингінің президенті Сани Шанер.

Алматы әуежайы – 1935 жылы салынған. Жалғыз акционері – Амстердамда тіркелген Venus Airport Investments B.V. 2019 жылы әуежай 6 млн 422,721 мың жолаушыға қызмет көрсеткен, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 13%-ға көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу