Алматы әуежайы түрік топ-менеджерінің ұсталғанын жоққа шығарды

391

Алматы әуежайы түрік топ-менеджері Уфук Серттің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматы әуежайы түрік топ-менеджерінің ұсталғанын жоққа шығарды Фото: bangkokbook.ru

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен телеграмм каналдарда есірткі ісіне байланысты әуежай әкімшілігі ғимаратында тінту жүргізілгені және түрік топ-менеджерлері ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

"Қазір Алматы халықаралық әуежайы жүргізіліп жатқан тергеу аясында уәкілетті органдармен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар қызметтік тексеріс басталды. Тергеу соңында толық ақпарат беріледі", - деп хабарлады әуежайдан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу