Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының корпоративтік коммуникациялар департаменті мәлім етті.
"Бүкіл жобаны халықаралық қаржы институттары ЕҚДБ және ХҚК қаржыландырады. Жоба британдық Mott MacDonald консультанттарының тәуелсіз бақылауымен мүмкіндігінше ашық түрде жүзеге асырылды", – деп жазылған хабарламада.
Жаңа халықаралық терминал 2024 жылдың жазында ашылады деп жоспарлануда.
"Біз Алматы әуежайын аймақтағы ең жақсы әуежай ретінде дамыту үшін 200 млн доллардан астам инвестиция құйып жатырмыз. Іскерлік этиканы ұстанатын қоғамдық компания ретінде біз өз брендіміздің тұтастығын қорғауға міндеттіміз", – деп хабарлады әуежай әкімдігі.
Алматы әуежайының ғимараты 1947 жылы салынған және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің тізіміне енгізілген. Хабарламада ғимараттың қайта жасалатыны және сәндік элементтердің бастапқы көрінісін сақтайтыны айтылған.
"Сәулет ескерткішін жылжыту дегеніміз оны жаңа орындағы бар сәндік элементтермен қайта жасау. Барлық сәндік элементтері сақталған терминал Алматы халықаралық әуежайының аумағында 420 метр радиусқа жылжытылады, сол арқылы ғимаратты тарих және мәдениет ескерткіші ретінде сақтау үшін жағдай жақсарады", – деп толықтырды ведомство.
Еске сала кетсек, осыған дейін депутаттар әуежайдың тарихи ғимаратына қатысты біраз сын айтқан.