Алматы әуежайы: Жаңа терминал іске қосылса, жолаушыларды өткізу қабілеті екі есе артады

900

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың TAV Airports Holding басшылығымен кездесуінде сөз болды.  

Алматы әуежайы: Жаңа терминал іске қосылса, жолаушыларды өткізу қабілеті екі есе артады

Алматы әкімі  Ерболат Досаевтың TAV Airports Holding жаңа бас директоры Серкан Каптан және Алматы халықаралық әуежайы басшылығымен кездесуі барысында жаңа терминалдың ағымдағы құрылысы бойынша мәселелер талқыланды. Тараптар бұдан былай да өзара ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Жаңа терминалдың іске қосылуы жолаушыларды өткізу қабілетін жылына 7 миллионнан 14 миллионға дейін арттырады және қаланың бүкіл Орталық Азиядағы  транспорттық-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтады.

"Алматы үшін әуежайды дамытуға бағытталған мәселелер өте маңызды. Өйткені әуежай қаланың әуе қақпасы әрі әуе алаңы болып табылады. Расында да, қаламыздың болашақта дамуы әуежайдың жағдайына, оның инфрақұрылымына, сервис деңгейі мен ыңғайлылығына тікелей байланысты. Бізде Алматының жоғары мәртебесіне лайық барлық халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи терминал болуға тиіс. Өз тарапымнан қаланың бұдан былай да жобаға қолдау білдіретінін растаймын", – деді Ерболат Досаев. 

Кездесу барысында Алматы халықаралық әуежайының даму перспективалары мен шеберлік-жоспарларын жылдың аяғына дейін әзірлеу және әуежай аумағындағы транспорттық инфрақұрылымды бірлесіп дамыту шаралары талқыланды. Мегаполис басшысы осы құжаттың жыл аяғына дейін қабылданатын қаланың бас жоспарымен сәйкес болуы тиіс екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу