Содырларға Алматы әуежайын басып алу не үшін керек болды?

5184

Қаңтар айының басында Алматы әуежайын басып алу гастарбайтерлер атын жамылған содырлардың қалаға өтуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылды. 

Содырларға Алматы әуежайын басып алу не үшін керек болды?

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

"Содырлар Алматы әуежайын басып алуды ұйымдастырды. Қазір тергеу әуежай Орталық Азияның бір қаласынан ұшқан азаматтардың өтуін қамтамасыз ету үшін басып алынғанын көрсетті. Бұлар әскери дайындықтан өткен содырлар, командирлер. Әрине, олар гастарбайтер атын жамылып ұшып келді. Оларды шекара бекеттері арқылы шығарып салып, қалаға кіргізіп, операцияны басқарды", – деді Мемлекет басшысы "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Сұхбаттың толық нұсқасы 20:00-де "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан көрсетіледі.

Еске сала кетсек, қаңтар айының басында Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шерулер бүкіл ел бойынша экономикалық және саяси талаптармен жаппай наразылық митингілеріне ұласты. Кейбір аймақтарда жаппай тәртіпсіздік басталды, әкімшілік ғимараттарға, полиция бөлімшелеріне және дүкендерге шабуыл жасалды. 25 қаңтардағы жағдай бойынша тергеу-жедел топтармен 2 мыңнан астам қылмыстық іс тергеліп, оларға қатысты 800-ден астам адам қамауға алынды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу