Әуе айлағының мәліметінше, 2025 жылғы 4-11 желтоқсан аралығында Б.Майлин көшесінен әуежай аумағына кіретін негізгі жол бөлігінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осыған байланысты уақытша № 1 кіру және № 2 шығу жолы жабылады. Қалған кіру және шығу бағыттары қалыпты режимде жұмыс істей береді.
Әуежай әкімшілігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жолға шығар кезде бұл өзгерістерді алдын ала ескеруді сұрап, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу