Алматы әуежайына "мина қойған" адам ұсталды

658

Алматы халықаралық әуежайына мина қойылғаны хабарлағаннан соң,  ол жерден адамдар эвакуацияланған болатын.  

Алматы әуежайына "мина қойған" адам ұсталды

Бүгін 17 сағат 52 минутта 102 шұғыл байланыс желісіне белгісіз біреуден қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Алматы қаласы ПД.

"Ер адам Алматы халықаралық әуежайына мина қойылғанын айтқан. Бұл ақпарат дереу Көліктегі полиция департаментінің бөлімшелеріне хабарланды. Әуежайдағы адамдар эвакуацияланып, нысан қоршауға алынды. Қоңырау шалушының кім екенін анықтау жұмыстары да жүргізілді. Бұл 1997 жылы туған Б. деген азамат болып шықты. Қазір оны Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұстап, Алмалы ауданының полиция бөліміне алып кетті", – деп хабарлады полиция.

Бұл адамның қалалық психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғаны анықталды. Бұрын ол осыған ұқсас әрекеттері үшін қылмыстық жауапқа тартылған.

"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", – деді Алматы қаласы ПД Жедел басқару орталығының басшысы, полиция полковнигі Андрей Квашнин.

"Әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталған жоқ. Қалалық жедел-іздестіру жұмыстары аяқталды. Дүрлігіп, алаңдауға негіз жоқ", – деп нақтылады полициядан.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу