Алматы әуежайына Оманнан алғашқы рейс орындалмақ

SalamAir авиакомпаниясы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап апта сайын Алматы мен Оман астанасы Маскат арасында орындалатын тікелей рейстің ашылатынын жариялады.  

Алматы әуежайына Оманнан алғашқы рейс орындалмақ Фото: Salam Air

 APG Central Asia Қазақстандағы сату жөніндегі бас агент (GSA) болып тағайындалды. Инаугурациялық рейс халықаралық Алматы әуежайына 2023 жылғы 02 шілдеде сағат 03.45-те келеді.

Бұл туралы Халықаралық Алматы әуежайының Корпоративтік Коммуникациялар департаменті хабарлады.

Аталған іс-шараға Оман Сұлтандығының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - мәртебелі Мұхаммед Абдулла әл-Бахрани мырза, Salam Air авиакомпаниясының бас директоры Мұхаммед Ахмед, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Ластаев Талғат, халықаралық Алматы әуежайының аға вице-президенті Омюр Фатих қатысады.

Алматы сияқты бірегей туристік бағыттарға сұраныстың жоғары болуына байланысты SalamAir жақын арада осы жаңа рейстердің бортында өз клиенттерін қарсы алуға үміттенеді.

SalamAir авиакомпаниясы өзінің коммерциялық қызметін 2017 жылы Омандағы авиация саласында жаңа стандарттар орнатуды көздеп бастады. SalamAir Авиакомпаниясы 2021 және 2022 жылдары Оманның "Ең сенімді бренді" және "Азиядағы ең жас флот" марапатымен мадақталды. Авиакомпания алты A320neo ұшағын, бес A321neo ұшағын және бір Airbus A321 жүк ұшағын пайдалануда. SalamAir Дубай, Доха, Медина, Кувейт, Бахрейн, Баку, Алматы, Бангкок, Пхукет, Куала-Лумпур, Прага және т.б. қоса алғанда ішкі және халықаралық бағыттар бойынша рейстерді орындайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу