Алматы әуежайына жаңа басшы тағайындалды

178

Бұған дейін Алматы әуежайының басшысы Альп Эр Тунга Эрсой қызметінен кеткені туралы жазған едік.

Алматы әуежайына жаңа басшы тағайындалды Фото: Алматы әуежайы

Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті болып Гокер Косе тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Гокер Косенің әуежай саласындағы операциялық басқару, жоспарлау, инвестициялау, қаржылық менеджмент бойынша 20 жылға жуық тәжірибесі бар.

Гокер Косе TAV Airports холдингіне 2005 жылы қосылды. Азаматтық авиация мен әуежайларды басқару және менеджмент саласында тағылымдамадан өтті. Анкарадағы жаңа Эсенбога әуежайына қатысты (Operational Readiness and Airport Transfer ORAT) бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосты.

2006 жылы ол TAV Airports холдингінің қаржы және стратегия бөліміне шақырылды, осы бөлімде 10 жылдан астам уақыт көптеген жобаны жүзеге асырды. Әуежай жобаларының техникалық және экологиялық сараптамасына, сондай-ақ олардың қаржылық және коммерциялық жоспарлауына белсене қатысты.

Г. Косе сондай-ақ әуежайдың инвестициялық жобаларын, оның ішінде қысқа және ұзақ мерзімді бюджеттік жоспарлау мен қаражат тарту ісін басқарды.

2017 жылы Г. Косе Groupe ADP-де инвестициялар және қаржылық жоспарлау жөніндегі директор лауазымын атқарды. Париждегі Шарль де Голь және Орли әуежайларындағы инвестициялық жобаларды басқарды. Сондай-ақ Groupe ADP-тің үнді бөлімшесі GMR Airports үшін бизнесті дамыту мәселесі бойынша жұмыс істеді.

Гөкер Таяу Шығыс техникалық университетін бітірген. Сонымен қатар Ыстанбұлдағы Босфор университетінде МВА дәрежесіне ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу