Алматы әуежайынан ұшатын рейстер тоқтатылды

325

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы әуежайынан ұшатын рейстер тоқтатылды Фото: krisha.kz

Алматы әуежайынан ұшатын барлық рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Қардың қатты жаууына байланысты Алматы халықаралық әуежайы көктайғаққа қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізе алмайды - ауа-райы жақсарғанша рейстер тоқтатылды”, – делінген ақпаратта.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-ден бастап Алматы әуежайы қонатын ұшақтарға да жабық.

Баспасөз қызметі әуежай ауа-райы жақсара салысымен әуе айлағы жұмысын бастайды деп түсіндірді.

Айта кетейік, бүгін 14 наурызда Алматыда қалың қар жауып, қала жолдарындағы көлік қозғалысын тоқтатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу