Алматы әуежайында "Оңай" картасын сатып алуға арналған терминал орнатылды, деп хабарлайды 24Хабар.
Оның көмегімен Бірыңғай көлік картасын сатып алуға, кез-келген "Оңай" картасына айлық жол жүру тарифін қосуға және де карта теңгерімін толтыруға болады.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жаңа терминал әуежайдағы аялдама кешеніне жақын жерде орнатылды. Алдағы уақытта бұндай терминалдар санын арттыру жоспарланып отыр.
Қалаға ұшып келе салысымен қоғамдық көлік қолданушысы "Оңай" картасы болмаған жағдайда, терминал арқылы сатып ала алады.
Егер карта бар болса, оның теңгерімін толтыруға болады немесе бір күнтізбелік айға айлық жол жүру тарифін қосуға болады. Алматының барлық қоғамдық көліктерінде "Оңай" электронды билеттендіру жүйесі жұмыс жасап жатқанын ескертеміз. Барлық жолаушылар міндетті түрде қоғамдық көліктегі жол ақысын "Оңай" картасы немесе "Оңай" билеті арқылы тіркеп отырулары қажет.