Алматы әуежайында 17 әуе рейсі кешігіп жатыр

920

Алматы әуежайында 17 әуе рейсі кешігіп жатыр

Алматы әуежайында 17 әуе рейсі кешігіп жатыр. Бұған негізгі себеп әуежайдағы шектеу болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы халықаралық әуежайы" фэйсбуктағы ресми парақшасында көрсетілгендей, KC301 Алматы- Өскемен Эйр Астана ұшағы техникалық себептермен, DV713 Алматы-Астана Скат ұшағы  ұшақтың кешігіп келу себебінен кешеуілдеуде.

KC969 Алматы- Шымкент Эйр Астана рейсі, KC855 Алматы- Астана Эйр Астана рейсі, Z92013 Астана-Ақтөбе бағытындағы Бек Эйр рейсі, DV706 Алматы- Шымкент бағытындағы Скат рейсі,  KC987 Алматы- Үрімжі бағытындағы Эйр Астана рейсі, KC859 Алматы- Ақтау бағытындағы Эйр Астана рейсі, KC609 Алматы- Астана-Сеул бағытындағы Эйр Астана рейсі, KC887 Алматы- Бейжің бағытындағы Эйр Астана рейсі, DV731 Алматы- Ақтау бағытындағы Скат рейсі, Z92215 Алматы- Қызылорда-Атырау бағытындағы Бек Эйр рейсі, KC935 Алматы- Куала-Лумпур бағытындағы Эйр Астана рейсі, KC929 Алматы- Гонконг бағытындағы Эйр Астана рейсі, KC931Алматы- Бангкок бағытындағы Эйр Астана рейсі Алматы әуежайындағы шектеуге байланысты кешігіп жатыр.

IQ351 Алматы - Астана бағытындағы Қазақ Эйр рейсі мен  CZ6012 Алматы - Үрімжі бағытындағы "Оңтүстік Қытай әуе-жолдары" рейсі 30-мамырға ауыстырылды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта халықаралық Алматы әуежайындағы вертикалды көрініс 1500 м, горизонталды көрініс 10000 м деңгейінде болып тұр. Әуе кемелерін қабылдауға және ұшып шығаруға шектеу жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу