Алматы әуежайында автотұрақ тарифтері көтеріледі

233

Жаңа тарифтер 2025 жылдың басынан енгізіледі. 

Алматы әуежайында автотұрақ тарифтері көтеріледі Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әуежайында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап автотұрақ тарифтері көтеріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғары сапалы автотұрақ қызметтерін ұсыну үшін, операциялық шығындардың өсуіне байланысты әуежай тұрақтарының жаңа тарифтері енгізіледі", – делінген хабарламада. 

Бұрын 15 минуттан 60 минутқа дейінгі пакет 500 теңге болса, енді ол 600 теңгеге көтеріледі. 1 сағаттан 2 сағатқа дейінгі баға 700 теңгеден 850 теңгеге дейін өседі. 24 сағаттан астам тариф те қымбаттайды. Ол бұрын 5000 теңге болса, енді 6000 теңгеге жоғарылайды.

Барлық автотұрақтардың бағасы өседі деп жоспарланған. Мысалы, 1 сағаттан 2 сағатқа дейін тұрақ 400 теңге болса, енді 500 теңге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу